ЭКСПО-2017 көрмесіне үш дөңгелекті велосипедпен аттанды

1257

ЭКСПО-2017 көрмесіне  үш дөңгелекті велосипедпен аттанды

Өнертапқыш Муратбек Султанбеков кіндік қаны тамған Бішкектен Қазақстанның бас қаласы Астанаға өзі жасаған электрлі велосипедпен жолға шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Шебер осы қадамы арқылы қазақстандық ғалымдар мен өнертапқыштарды және жасыл технологияны қолдаушыларды дәріптеуді мақсат етіп отыр.

Муратбек Султанбеков үш дөңгелекті велосипедті бастан-аяқ өзі жинап құрастырған. Оның қозғаушы күші алдыңғы дөңгелекте орналасқан – электрлі мотор. Ол 120 шақырымға есептелген қуатты аккумулятордан алады. Осыған қарамастан, көлік сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүйткиді. Сарыарқаға сапарға шыққан өнертапқышты жел генераторы бар көлігі алып жүреді. Оның міндеті – электрлі велосипедіндегі аккумуляторды қуаттап отыратын энергияны өндіру.

Жел генераторының авторы – қазақстандық өнертапқыш Жанболат Мұзбаев. Бірегей құрылғы тез құралады әрі электр қуатын әлсіз желде де өндіре береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу