11 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы халықаралық павильондардың демонтажы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қатысушы мемлекеттер көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Аталған процесс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процессіне бақылау жүргізеді", - делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.
Көрменің басты нысаны "Нұр Әлем" сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады. Айта кетерлігі, "Астана "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.