ЭКСПО аумағынан бірер минутқа ғана шыққан әйелдің билеті қайта кіруге жарамады

825

ЭКСПО аумағынан бірер минутқа ғана шыққан әйелдің билеті қайта кіруге жарамады

Әйел балаларды ЭКСПО-ның сыртынан күтіп алды, бірақ пайдаланылған билетпен оларды алып жүре алмаған, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Қостанайдан келген қонақ әйел "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағының сыртына бірнеше минутқа шығып, қайта ішке кіре алмаған. Бақылау-өткізу бекетінен кірген әйел шамалы уақыттан соң танысының балаларын күтіп алу үшін сыртқа шығады. Қайтадан көрмеге кіре алмаған, өйткені оған ЭКСПО-ға кіру тәртібімен тыйым салынған. 

"Не істерімді де білмеймін. Ештеңені де көріп үлгермедім, кірдім де шықтым. Мен ол ережелер туралы білмедім. Балаларым іште күтіп тұр, олардың жастары 9 және 12-де. Не істерімді білмеймін", - деді өзін таныстырғысы келмеген әйел.

Ереже бойынша әйелге жалғыз мүмкіндік билетті қайта сатып алу. Оның құны жұмыс күндері 4 мың теңге, ал демалыс күндері 6 мың теңге. Сонымен қатар ЭКСПО аймағында өтетін іс-шараға қатысу үшін ЭКСПО-ға кіру билетін сатып алу қажеттігін ұмытпау керек. Іс-шараға қатысу билетін сатып алу жеткіліксіз, көрмеге кіру билеті де міндетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу