ЭКСПО аумағында IT-университет пен бизнес-орталық бой көтереді

1098

ЭКСПО аумағында IT-университет пен бизнес-орталық бой көтереді

ЭКСПО аумағында АХҚО, "Astana Hub", Халықаралық "жасыл" технологиялар орталығы, IT-университет сияқты ауқымды жобалар іске асырылмақ. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Владимир Лютов мәлімдеді, деп хабарлайды elorda.info.

"ЭКСПО жас Астанамыздың өсуіне септігін тигізетін, сондай-ақ, IT-технологиялар, стартаптар инновациялық алаңы болуы керек. Қойылған міндеттердің аясында ЭКСПО аумағында АХҚО, "Astana Hub", Халықаралық "жасыл" технологиялар орталығы, IT-университет сияқты ауқымды жобалар іске асырылмақ", - деді ол.

Бүгінде корпоротивтік павильон орналасқан C4.6 павильонында да қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қайта құрастыру жұмыстарына дейінгі ауданы – 5 мың шаршы метрді, кейін 9,6 мың шаршы метрді құрайды. Бұл павильонда "Astana Hub" Халықаралық IT-стартаптар технопаркін орналастыру жоспарланып отыр. Онда дәрісханалар, конференц-залдар, виртуалды ақиқат жобаларын өңдеу зертханалары, сондай-ақ, "Astana Hub" серіктестері мен әкімшілігі үшін кеңселер қарастырылмақ. Құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың 1-шілдесіне дейін аяқталады деп жоспарлануда.

"Astana Hub" жобасы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бір бөлігі. Дәл осы орталықта кейін цифрландырудың жүзеге асырылуына өз үлесін қосатын қызықты және бірегей стратаптар дүниеге келмек.

Сондай-ақ, С3 және С4 павильондарын қайта құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Көрме кезінде онда халықаралық павильондар орналасқан болатын. Келер жылы бұл ғимараттарда "Астана" Халықаралық қаржы орталығы орналасады деп жоспарлануда.

С3 блогында АХҚО-ның әртүрлі құрылымдық бөлімшелері орналаспақ. Олар: әкімшілік, халықаралық сот, комитет, қор биржасы және т.б.. С4 блогында банктер мен АХҚО-ның білім беретін мекемелері орналасады.

Басқа екі халықаралық павильонда IT-университет пен заманауи бизнес-орталығы жайғастырылмақ. Екі павильонның қайта құрастыру жұмыстарына дейінгі ауданы – 47,6 мың шаршы метрді, кейін – 72,3 мың шаршы метрді құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу