ЭКСПО аумағында кеңселерді дайындауға 20 миллиард теңге жұмсалады

855

ЭКСПО аумағында кеңселерді дайындауға 20 миллиард теңге жұмсалады

"Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің аумағында көрмеден кейінгі іс-шараларға 20 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қаржы министрі 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын ұсына отырып, көрмеден кейінгі іс-шараларды өткізу және ЭКСПО аумағында кеңселерді дайындау үшін 20 млрд теңге қарастырылғанын айтады.

Заң жобасы Үкімет тарапынан мақұлданды. Жақын арада парламентке ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу