ЭКСПО аумағында медициналық кешен ашылады

768

Елордадағы дәрігерлік учаскелерінің саны – 557. Бір дәрігерге шаққанда тиетін орташа жүктеме 2 087 адамды құрайды. 

 ЭКСПО аумағында медициналық кешен ашылады

Астанада "Үйдегі дәрігер" отбасылық дәрігерлік амбулаториялар жобасы іске асырылуда. Бүгінде тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында орналасқан үш амбулатория ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Астанада мемлекеттік жеке-меншік әріптестікті дамыту аясында 3 дәрігерлік амбулатория ашылды. Олар "Жағалау" жаңа шағын ауданында, А.Бараев көшесіндегі халықтың тығыз қоныстанған аумағында, "Сказочный мир" тұрғын үй кешенінде орналасқан.

"Жыл соңына дейін "Өндіріс", "Пригородный", "Оңтүстік-Шығыс", "Шұбар" шағын аудандарында дәл сондай дәрігерлік амбулаторияны, сондай-ақ ЭКСПО аумағында медициналық кешенмен қоса 350 адам қабылдайтын емхана ашу жоспарда бар. Бұл қаржы жағынан жеке инвестицияларды тартудың арқасында 1,5 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді" делінген басқарманың ақпаратында.

Айта кетейік, республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының деректеріне сәйкес, Астана халқының саны бүгінгі күні 1 083 192-ге жетіп отыр.

Сондай-ақ елордадағы дәрігерлік учаскелерінің саны – 557. Бір дәрігерге шаққанда тиетін орташа жүктеме 2 087 адамды құрады. Осыған орай жылдың соңына дейін қалада 68 жалпы тәжірибелі дәрігерлік учаскелерді ашу көзделген. Бұл әр учаскедегі адам санын 1700-ге жеткізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу