ЭКСПО аумағындағы апаттан кейін бір жұмысшы ауруханаға түсті

1002

ЭКСПО аумағындағы апаттан кейін бір жұмысшы ауруханаға түсті

Бүгін Астанада ЭКСПО аумағындағы ғимарат опырылып, салдарынан бір жұмысшы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Baq.kz.

"Жедел жәрдем бір жұмысшыны ауруханаға алып кетті", – деп мәлім етті тілші оқиға орнынан. –Көрме аумағында қазір күшет күшейтілген, ешкімді ішке кіргізбей жатыр. Жедел жәрдемнің екінші көлігі кері қайтты, көлікте ешкім жоқ. Үшінші карета оқиға орнында қалды. Әзірге дәрігерлер мен ТЖ қызметкерлері болған жағдайға қатысты түсініктеме бермей отыр. Көрме аумағына криминалистер бригадасы келді".

Естеріңізге салып өтсек, бүгін түсте Астанадағы "ЭКСПО" көрмесінің аумағында декоративті көпір опырылып түсті. Ғимаратты BI Group компаниясы салып жатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу