ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлердің 90 %-ы дайын

971

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлердің 90 %-ы дайын

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағындағы тұрғын үйлердің құрылысы 90 %-ға аяқталды. Бүгін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев құрылыс барысымен танысты.

"Бәйтерек" холдингі өзінің еншілес ұйымы "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағындағы тұрғын үйлердің, сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын инвестициялайды", - деп хабарлады Baq.kz холдингтің баспасөз қызметі таратқан ақпараты негізінде.

Ауданы 107 мың шаршы метр (1374 пәтер) 42 тұрғын үй салынды. Үйлерге сыртқы және ішкі желілер жеткізілді, пәтерлерді ішін, үйлердің қасбеттерін әрлеу аяқталды, аумақты көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғын үй кешендерінде паркингтер, сондай-ақ коммерциялық үй-жайларға арналған аудандар қарастырылған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу кезінде пәтерлер халықаралық қатысушыларды орналастыру үшін көрменің ұйымдастырушыларына жалға беріледі. Көрме аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерді нарықтық талаптармен сату жоспарланып отыр.

Жалпы ауданы 138 мың шаршы метрді құрайтын сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы аяқталып қалды. Сыртқы коммуникациялар жеткізілді, ішкі желілерді тарту, ғимараттың іш-сыртын әрлеу, сондай-ақ іргелес аумақты көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр.

Тұрғын үй нысандары мен сауда-ойын-сауық орталығы 2016 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Нысандарды салу кезінде 3,7 мың жұмыс орны ашылды. Осы нысандар пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 2,5 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

"Бәйтерек" холдингінің еншілес компаниясы "Бәйтерек девелопмент" АҚ қаржыландыратын нысандар қатарында "Аура" бизнес орталығы  да бар. Жалпы ауданы 38 086 ш.м. іскерлік кешен ЭКСПО-2017 көрмесіне таяу орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу