2017 жылдың 19-20 маусымында Астанада өтетін Конгресс жұмысы "Болашақ энергиясы: инновациялық сценарийлер мен оларды жүзеге асырудың әдістері" желісімен екі күн бойы жүреді, деп хабарлайды ЭКСПО-2017 баспасөз қызметі.
Жоғары деңгейдегі Конгресс Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияның өзінде алғаш рет өткізіледі.
Конгресс жұмысына әлемнің 50 елінен 1000-нан астам делегат, соның ішінде Нобель және "ЖаҺандық энергия" халықаралық сыйлығының лауреаттары, әйгілі сарапшылар, көрнекті ғалымдар және әлемдік энергетикалық компаниялардың өкілдері қатысады.
Конгресс жұмысы жаҺандық энергетикалық түйткілдердің жаңа шешімін іздеу, кадр, технология, зерттеу және инновация дайындауға бағытталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу