ЭКСПО аясында қосымша 14 пойыз жолға шығады

546

ЭКСПО аясында қосымша 14 пойыз жолға шығады

ЭКСПО аясында қосымша 14 пойыз іске қосылады. Сөйтіп жалпы пойыз саны 58-ге жетеді, деп xабарлайды inform.kz.

"Жазда ЭКСПО көрмесі аясында шамамен 14 жаңа пойыз бағдары жолға шығады. Дәлірек айтқанда, "Астана-Шымкент", "Астана-Маңғышлақ", "Астана-Атырау", "Астана-Орал", "Шымкент-Астана", "Маңғышлақ-Астана", "Орал-Астана", "Қостанай-Астана", "Жамбыл-Астана", "Астана-Алматы-Астана", "Қарағанды-Астана", "Атырау-Астана", "Көкшетау-Астана-Пригородное" және "Атбасар-Астана-Пригородное".

Сөйтіп пойыз саны 44-тен 58-ге дейін артады", – дейді инвестиция және даму министрлігінің ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің өкілі Меруерт Ыбыраева.

Естеріңізде болса, 22 наурыз күні Ташкентке дейін жаңа бағдар ашылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу