ЭКСПО билеттері Қазақстанның барлық өңірінде сатылады

618

ЭКСПО билеттері Қазақстанның барлық өңірінде сатылады

Наурыз айынан бастап еліміздің өңірлері мен Ресейдің ірі қалаларында билет кассаларында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сатыла бастады. Мұны "Астана ЭКСПО-2017" АҚ коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылуына 74 күн қалды. Сондықтан біз тұрғындардың билеттерді сатып алуы үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Наурыз айында Қазақстанның барлық өңірінде, нақтырақ айтсам, облыс орталықтарында билет сататын кассалар аштық. Енді осыған толығырақ тоқталайын. Өткен жылдың 10 желтоқсанында Астана мен Алматы қалаларында кассалар өз жұмысын бастады. Ал осы жылдың 8 наурызында 4 өңірде билет сататын орталық аштық. 20 наурызға дейін 5 облыста және 25 наурыздан бастап 5 өңірдің кассаларында билет сатылады бастады", – дейді департамент директоры.

Оның айтуынша, студенттер, мектеп оқушылары, зейнеткерлер, көпбалалы аналар ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттерді 50 пайыз жеңілдікпен алса, соғыс ардагерлері, 6 жасқа дейінгі бала, жетім бала және кез-келген топтағы мүгедек көрмеге тегін кіре алады.

"Біз Ресей Федерациясының бірқатар өңірінде ЭКСПО-2017 ресми кассаларын аштық. Мәскеудегі касса қала орталығында, Лубянкада, орталық балалар дүкенінде, Петерборда Кассир Ру ғимаратында орналасқан. Сондай-ақ Қазан, Нижний Новгород, Екатеренбор, Новосібір, Сочи қалаларында ірі сауда орталықтарында да кассалар ашылды", – дейді Дәулет Еркімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу