ЭКСПО-да 105 технология таңдап алынды

850

ЭКСПО-да 105 технология таңдап алынды

Бүгін ҚР үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Экспо-2017 технологияларын Қазақстанның энергетикалық секторына енгізу жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрлігі қазіргі таңда "Экспо" көрмесінде ұсынылған шетелдік жетекші технологияларды Қазақстан экономикасына енгізу мәселесін пысықтап жатқанын хабарлады. Бұл үшін "ҚазМұнайГаз", "ҚазТрансГаз", KEGOC және басқа да ұлттық компаниялардың 40-тан астам жетекші сарапшыларынан, сондай-ақ энергетиканың түрлі секторларының сарапшы-талдаушыларынан, министрлік пен ведомствоға қарасты құрылымдардың өкілдерінен құрылған сараптамалық жұмыс тобы құрылған.

Жұмыс тобының өкілдері көрменің барлық павильондарында болып, халықаралық павильондар ұсынған жаңа технологияларды бағалады. Осы бағалау жұмыстарының нәтижесінде Австрия, Германия, Нидерланды, Ресей, Финляндия секілді елдердің 105 технологиясынан тұратын тізім құрастырылды.

Технологиялар ерекшеліктеріне байланысты төрт бағытқа бөлінген: мұнай және газ — 27, технология, көмір және атом өнеркәсібі — 5 технология, электр энергетикасы, энергия үнемдеу және ЖЭК — 44 технология, экология, соның ішінде қалдықтарды басқару, су тазалау, ауа сапасын бақылау — 29 технология.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу