ЭКСПО-да Буркина-Фасо елі ұлттық күнін атап өтуде

920

ЭКСПО-да Буркина-Фасо елі ұлттық күнін атап өтуде

Бүгін ЭКСПО халықаралық көрмесінде Буркина-Фасо елі ұлттық күнін атап өтуде, деп хабарлайды khabar.kz.

Африканың батысында орналасқан. Қазақстанға географиялық орналасу жағынан және халқының саны бойынша ұқсас. Бұрын Жоғары Вольта Республикасы атанған ел 1984 жылы атауын Буркина-Фасо, яғни "Адал адамдар елі" деп өзгертеді. Павильонда мақтаның көп кездесуі бұл елдің Қара құрлықта мақта өндіруден алғашқы орында екенінен хабар береді. Халқының 90%-ы ауылшаруашылықпен айналысатын Буркина-Фасо елінің павильонына қызығушылық танытып, сол елден әкелінген базарлықтарды сатып алып жатқандар жетерлік. Шара кезінде осы елден келген өнерпаздар жиналған жұртты өзгеше өнерлерімен тәнтті етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу