ЭКСПО-да құлаған нысанда алты ел орналасады

839

ЭКСПО-да құлаған нысанда алты ел орналасады

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының xалықаралық қатысушылармен жұмыс жасау жөніндегі департамент директоры Илья Оразақовтың айтуынша, көрме аумағындағы декоративті конструкцияның құлауына қатысты тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы енді ғана шықса да, бас кезінде компания алдын ала болжамдарды ұсынып, шетелден келетін қонақтарды барынша тыныштандыруға тырысты, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Енді, осы оқиғаға қатысты көптеген сұрақтар болды. Біз өз тарапымыздан аталған құрылыс нысанының аяқталмағанын, сондай-ақ оны әлі ұлттық компанияның қабылдамағанын жеткіздік. Барлығы түсініктемені күтті. Қауіпсіздік үшін алаңдады. Біз тиісті түсініктемені бердік. Ал декоративті конструкциясы құлаған көрме алаңдарында Нидерланды, Венгрия, Ұлыбритания, Монако, Италия мен Финляндияның павильондары орналасуы тиіс. Декоративті конструкция құласа да, аталған мемлекеттер көрмеге қатысудан бас тартқан жоқ. Біз шұғыл түрде есеп беріп, ашық екенімізді көрсеттік. Ондай жағдайларды жасырмайтынымызды таныттық", – дейді И.Оразақов. Оның сөзіне қарағанда, соңғы бір айдың ішінде 11 xалықаралық теxникалық комиссия Астанадағы ЭКСПО алаңында болып, тексеру жұмыстарын өткізіп шықты.

Айта кетейік, бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы тәуелсіз сарапшылардың қорытындысын жариялады. Декоративті конструкцияның құлауына жобалау кезіндегі қателік себеп болған. Атап айтқанда, ең ұзын конструкцияға металды дұрыс таңдамады. Алайда компания өкілдері ол металдың қытайлық өнім бе, жоқ әлде, қазақстандық материал ма, оған нақты жауап бере алмады. Дегенмен, алдағы уақытта осы және тағы жеті конструкцияға қосымша тіреуіштер орнатуға шешім қабылданды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу