EXPO-2017 көрмесінің қоғаммен байланыс департаменітінің директоры Сергей Куянов Астанада маусым айында өтетін бокс кешіне Геннадий Головкиннің қатысатын қатыспайтыны жайлы айтып берді, деп хабарлайды vesti.kz.
"ASTANA-EXPO бокс кешін біз ұйымдастырмаймыз. Біз тек бокс кешінің әріптесіміз. Өйткені Геннадий Головкин EXPO-ның ресми өкілі. Ол EXPO-ны әлемнің түкпір-түкпірінде жарнамалап жүр. Көрменің логотипін жекпе-жектеріне қойып жүр. Өкіл ретінде ол EXPO кезінде бокс кешін ұйымдастырамын деп уәде берді. Ал бокс кешін ASTANA-EXPO емес, Головкиннің командасы ұйымдастырып жатыр. Сондықтан да бізде әлі нақты ақапарат жоқ", – дейді Сергей Куянов.
- EXPO кезінде өтетін екінші бокс кешіне де сіздердің еш қатыстарыңыз жоқ па?
- Ол жайында да менде ақпарат жоқ.
Айта кетейік, бүгін елордамыз Астана қаласында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55 конвенциясы барысында өтетін бокс кешінінің басты жекпе-жегінде WBC чемпиондық белбеуі сарапқа салынатыны анықталған еді.
Бокс кеші EXPO-2017 көрмесі аймағында өтіп, оны әлемнің 40-тан аса елінде көрсетіледі. Бірақ бұл кешке қатысатын боксшылардың есімдері әлі анықталмады.