ЭКСПО-да Түрікменстанның ұлттық күні тойлануда

996

ЭКСПО-да Түрікменстанның ұлттық күні тойлануда

Астанадағы ЭКСПО көрмесінде Түрікместанның ұлттық күні аталып өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Түрікменстанда газдан энергия алу шаралары кеңінен дамыған. Бізде қуатты газ турбинасы салынды. Электр желілері тартылып жатыр. Соның арқасында энергияны шетелге сатуға мүмкіндік бар. Бүгін - Түрікменстанның ұлттық күні. Осыған орай, біз барлық қазақстандықтарды өз павильонымызға шақырамыз. Ол жерде түрікмен халқының баламалы энергия саласындағы жетістіктерімен танысуға болады",- дейді Түрікменстанның сауда-экономикалық палатасы төрағасының орынбасары Дәулеткелді Реджепов.

Оның айтуынша, павильонда экологиялық электр стансаның жобасымен танысуға мүмкіндік бар. Аталған станса Түрікменстанның оңтүстігінде салынып жатыр. "Ал баламалы энергияны Қарақұм шөлінде көптеп өндіруге болады. Бұдан бөлек, біздің ғалымдарымыз экологиялық таза ферманың үлгісін ойлап тапты", - деп атап көрсетті Реджепов.

Сондай-ақ Түрікменстанның павильонында Гиндукуш су электр стансасының макеті бар. Аталған стансаның жұмыс істеп жатқанына 100 жылдан асты, тіпті біраз құрал-жабдықтары сол кезден бері әлі тұр. Павильонның тақырыбы - "Табиғат- шексіз энергияның көзі". Бүгінгі салтанатты шара барысында Түрікменстанның өнерпаздары мен әртістері өз өнерлерін паш етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу