ЭКСПО-да Венгрияның жаңа экологиялық таза автобустары қызмет көрсетеді

1224

ЭКСПО-да Венгрияның жаңа экологиялық таза автобустары қызмет көрсетеді

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Венгрияның Ұлттық экономика жөніндегі министрі Михай Варгамен кездесті. Басқосу барысында екі жақ "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне Венгрияның қатысуын талқылады.  

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ахметжан Есімов Қазақстан мен Венгрияны терең тарихи тамыр мен мәдени дәстүрдің байланыстыратындығы атап өтті. Басқарма төрағасы ЭКСПО нысандарының дайындығына және павильондардың халықаралық қатысушыларға өткізуге әзір екендігіне тоқталды.

"Біз венгр павильонын көрдік, барлық жұмыстардың мерзіміне сәйкес жүргізіліп жатқандығын білдік. Біз осы іс-шараға мейлінше көп Венгрия кәсіпорындарын тартуға талпындық. Бұл ретте, біздің осы делегация құрамына 60 бизнесмен қосылды" - деді Венгрияның Ұлттық экономика жөніндегі министрі.

ЭКСПО-2017 қатысушылары мен қонақтарын тасымалдау үшін венгрлік әріптестер Көрмеге сонау Кеңес одағы кезінен белгілі ИКАРУС жаңа заманауи электробустарының шусыз, қоршаған ортаны ластамайтын түрлерін әкелуге дайын екендігін жеткізді.

Айта кету керек, бүгінде Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне өзінің қатысатындығын 104 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады, 98 мемлекет комиссарларын тағайындап, 82 қатысу келісімшартына қол қойылды.

Baq.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу