ЭКСПО еріктілері Астана әкімінің білім грантына ие болады

767

ЭКСПО еріктілері Астана әкімінің білім грантына ие болады

ЭКСПО көрмесінің ең белсенді еріктілеріне Астана қаласы әкімінің 20 білім гранты табысталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа-орталығы.

Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Асхат Ораловтың хабарлауынша, барлық (1,5 мың адам) ерікті арнайы оқудан өткен. Шетелдік қонақтармен сөйлесу техникасын үйренді, тарих пен Астананың көрікті жерлері, ЭКСПО-ның ерекшеліктері туралы ақпараттандырылды.

- Еріктілерге арналған ынталандыруда тамақтану және тұру жағдайының жасалауынан басқа, ең үздік, белсенді еріктілерге қала әкімінің 20 гранты беріледі. Бұдан бөлек, олар алғыс хатттар мен сыйлықтар алады, - деп хабарлады Асхат Оралов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу