Сеулде астаналық ЭКСПО-2017 көрмесінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Онда Оңтүстік Кореяның туроператорларына павильондардың үлгілері, халықаралық көрменің белгілері - Қуат, Мөлдір және Сәуле үлгісі көрсетіліп, сыйлықтар тарту етілді. Қонақтарға ЭКСПО-ға билет тегін үлестіріліп, олар әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің көрме аясында өтетін жеке ән кешіне шақырылды. Қазақстан туристік қауымдастығының басшысы Роза Асанбаеваның айтуынша, жыл сайын елімізде Оңтүстік Кореядан 22 мың саяхатшы қонақтайды.
Болжам бойынша, ЭКСПО-ға екі миллион адам келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу