ЭКСПО-ға келетін мұсылмандарға ең қолайлы жағдай жасалады

783

ЭКСПО-ға келетін мұсылмандарға ең қолайлы жағдай жасалады

Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне келетін мұсылмандарға барынша жақсы жағдай жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы "Астана конвеншн бюро" ЖШС-ның директоры Санияр Əйтекенов мəлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

"Біздің компания ҚМДБ-мен бірге жақын арада "Халал-френдли" бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінен келетін туристерге бағытталған. "Халал-френдли" бағдарламасы қаламызда мұсылман туристерге жағдай жасауға бағытталған. Дəлірек айтсақ, ЭКСПО көрмесіне келетін туристерге арналған мейрамханалар мен қонақ үйлерге "халал" стандартын енгізу бағдарламасы", – дейді Санияр Əйтекенов.

Ол сондай-ақ əлем бойынша саяхаттайтын мұсылман туристердің саны жыл сайын артып келе жатқанын айтты. 2014 жылы мұсылман туристер əлемнің туризм саласына 145 млрд доллар пайда түсірген.

"Егер мұсылмандардың көбі экономикасы қарқынды дамып жатқан елдерде өмір сүріп жатқанын ескерсек, 2020 жылға қарай мұсылман туристердің саны 150 млн адамға жетеді деп болжанып отыр. Мұсылман туристер қонақ үйлер мен қызмет сапасына өте байыппен қарайды. Сондықтан бизнесмендермен бұл бағытта əлі əңгімелесу керек", – дейді компания басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу