Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне 10 маусым мен 2 шілде аралығында 591 968 адам келген. Яғни, орта есеппен алғанда күніне 31 мыңнан астам адам қатысқан, деп хабарлайды atpress.kz.
Келушілердің ең көп баратын нысандар қатарында – "Нұр Әлем", тақырыптық павильон және Дю Солей циркі бар.
Ал, қауіпсіздіктің кешенді жүйесі шеңберінде көрме аумағында "Vocord" бейнесараптау жобасы іске қосылған. Нәтижесінде, өткен аптаның ішінде "ЭКСПО-2017" көрмесінде құқық қорғау органдарының бақылауындағы 12 тұлға анықталған. Бұған қоса, көрме аумағында ұшатын аппараттарды (дрондар) санкциясыз қолданудың төрт оқиғасы тіркелген.
Ескерер мәселе, қауіпсіздік мақсатында "ЭКСПО-2017" көрмесінде дрондарды ұшырудың ерекше тәртібі енгізілген. Талапты өрескел бұзғандар жауапкершілікке тартылатын болады.