Маңғыстау облысының жергілікті бюджеті есебінен аз қамтылған жанұялардың 1750 баласы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов аппараттық кеңес барысында.
Оның айтуынша, облыстың 19 кәсіпорны компания есебінен көрмеге қатысатынын мәлім етті. Жалпы 7490 адам келсе, оның 2000-ы бала.
"Жергілікті бюджет есебінен аз қамтылған жанұялардың 1750 баласы Маңғыстау облысының атынан ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалайды. Сондай-ақ 40 білім беру, 378 мәдениет саласының өкілі мен 100 ерікті қатысады", – дейді ол.
Жыл басынан бері туристік фирмалар 13850 билет сатып алған, оның ішінде 17-21 сәуір аралығында 1850 билет сатылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу