ЭКСПО-ға Павлодар облысынан 115 мыңнан аса адам барды

871

ЭКСПО-ға Павлодар облысынан 115 мыңнан аса адам барды

Астана қаласында өтіп жатқан "ЭКСПО-2017" көрмесін 10 маусым – 6 қыркүйек аралығында Павлодар облысынан 115175 тұрғын тамашалаған. Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына берген жауабына облыстық кәсіпкерлік, сауда және турзим басқармасы басшысының орынбасары Оксана Давыденко мәлім етті, деп хабарлайды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Қалалар мен аудандардың әкімдіктері, туристік фирмалар, темір жол сапаржайының кассалары, "Меломан", "Батырмол" дүкендер желісі, "Қазпошта" АҚ ұсынған мәліметтер бойынша Ертіс өңірінде 90731 билет сатып алынған. Дегенмен  10 қыркүйекке дейін  елордаға тағы да 7140  адам барады деп жоспарланып отыр. Біздің аймақтың тұрғындары көбінесе билеттерді көрме аумағындағы  кассалардан сатып алады. Билеттерді сатып алу жергілікті бюджет пен демеушілік көмек есебінен жүзеге асырылды, - дейді Оксана Давыденко.

Маусым айында халықаралық шараны 16264 тұрғын, шілдеде 46846 адам және тамызда 52065 адам аралаған.    Қазіргі таңда облыста билеттер сатумен "Пять звезд", "Саят-Павлодар", "Атамекен" және "Экспресс-тур" ЖШС компаниялары айналысады. Ересектерге арналған билеттің орташа құны – 11500-27000 теңге болса, балаларға арналған билеттер бағасы – 10000-16000 теңге көлемінде. Келушілерді көрмедегі нысандарға дейін және кері темір жол сапаржайына жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында туристік компаниялар астаналық  "Атамекен-тур" ЖШС, "Гельмияров" ЖК автотасымалдаушылары, "Пять звезд" ЖШС тамақтану және экскурсия жасау бойынша "Саят-Travel" ЖШС туропраторымен келісімшарт жасаған. Сонымен қатар "Саят-Павлодар" ЖШС елордағы "Агидель" қонақ үйімен орналастыру және тамақтаныруды ұйымдастыру бойынша шартқа отырған. Еске сала кетейік, үш айға созылатын көрмені тамашалап қайтуға Павлодар облысынан 100 мыңға жуық адамды жіберу жоспарланған болатын. Оның 30 мыңнан астамы – мектеп оқушылары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу