Экспо ғимаратына аудит жүргізіле ме? – Смайылов жауап берді

249

Экспо ғимараты толығымен өзін-өзі ақтап жатыр деуге келмейді.  

Экспо ғимаратына аудит жүргізіле ме? – Смайылов жауап берді Фото: QazExpoCongress

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата басшысы Әлихан Смайылов Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер Әлихан Смайыловтан "Экспо ғимараттарының салынуына аудит жүргізу керек пе?" деп сұрады.

"Қазір Жоғары аудиторлық палатаның функциясы ұлғайып жатыр. Былтыр Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаға қосымша екі функцияны берді. Бірінші – жергілікті бюджеттің аудитын жүргізу, екіншісі – басқа мемлекеттік аудиторлық органдардың жүргізген аудиторлық іс-шараларын қайта қарап, аудит жүргізу. Біз қазір квазмемлекетік сектордың компанияларын егжей-тегжейлі жұмыстарын тексеру, аудит іс-шараларын жүргізіп жатырмыз. Кеше ғана Мәжілісте көлік саласында болып жатқан мәселені  баяндап бердік. Биыл "Самұрық-Қазынаның" ірі компанияларын тексереміз. Экспо да квазимемлекеттік компания ғой. Өз кезегінде оны да тексереміз", - деді Жоғары аудиторлық палата басшысы.

Журналистер "Экспо ғимараты өзін-өзі ақтап жатыр ма?" деп нақтылады.

"Қазір олардың табысы ұлғайды. Бірақ толығымен өзін-өзі ақтап жатыр деп айта алмаймын", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу