ЭКСПО қалашығының әр бұрышына "ақылды" қоқыс жәшіктер орнатылған. Төңіректің тазалығын сақтау үшін арнайы жасақ жұмылдырылған. Сонымен қатар, тоқпен қуатталатын 9 шағын жүк көлігі де бар, деп жазады 24.kz.
Осыған дейін көрме аумағынан 9 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
ЕХРО алаңындағы қоқыс жәшігінің өз ерекшеліктері бар. Жәшік күннен қуат алады. Қоқысқа лық толған кезде арнайы басқару тетігіне хабар береді. Шынымен мұндағы қоқыс жәшігінің өзі "ақылды". Қалдыққа толған 100 литрлік контейнердің дорбасы күніне бірнеше мәрте ауыстырылады. Көрме алаңында мұндай жәшіктердің 4 түрі қойылған. Барлығы 3 бөліктен тұрады. Ал оған таңнан кешке дейін арнайы жұмысшылар жауап береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу