ЭКСПО қалашығында Әзербайжанның Ұлттық күні өтіп жатыр

749

ЭКСПО қалашығында Әзербайжанның Ұлттық күні өтіп жатыр

Елордадағы ЭКСПО қалашығында Әзербайжанның Ұлттық күні өтіп жатыр. Бауырлас халық көрмеге келушілердің назарына ән мен биін ұсынып, мәдениетін паш етті. 

Әзербайжанның павильонында елдің салт-дәстүрі де кеңінен көрсетілген. Ауа райының құбылмалы болуына байланысты мұндағы күннен алған қуатпен жүруі тиіс техниканы адамдардың өздерінің жүргізуіне тура келді. Сондай-ақ Әзербайжан павильоны Ұлттық күні құрметіне концерт өткізіп жатыр. Мұндағы интерактивті тақтадан бұл елдің көрікті жерлерін көруге болады. Күннен қуат алатын "ақылды желі" де келушілер назарына ұсынылған. Жалпы әзербайжандар осыған дейін энергияны көмірсутек шикізаттан, яғни мұнайдан алып келді. Енді олар Қазақстанның үлгісі бойынша баламалы қуат көздеріне көшуді барынша көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу