ЭКСПО қалашығында Чехия ұлттық күнін атап өтіп жатыр

684

ЭКСПО қалашығында Чехия ұлттық күнін атап өтіп жатыр

Бүгін – "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде Чехия Республикасының ұлттық күні. Еуропа төріндегі шағын ел "Іске асырудағы тапқырлық" тақырыбымен өз павильонын салтанатты түрде ашты. Негізінен мәдени бағдарламаларға басымдық берген чехиялықтар ЭКСПО көрмесінде түрлі ойын-сауық фестивальдерін өткізеді деп күтілуде, деп хабарлайды 24.кз.

Бүгін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің 36-күні ашылды. Көрме төрінде 32-ел болып Чехия Республикасы ұлттық күнін атап өтті. Салтанатты іс-шараға Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Милан Штех қатысты. Дәстүрлі фольклорымен мақтанатын ел көрмеге келушілерді чех халқының музыкасымен сусындатып, ұлттық би мен әннен шашу шашады.

Жалпы Чехия ЭКСПО көрмесіндегі ұлттық күнінде ойын-сауыққа басымдық беріп, ұлттық аспаптарын паш етуді мақсат етті. Жалпы чех елінің мәдени іс-шаралары Амфитеатрда сағат 15:00-де басталады. Мәдени кештің шарықтау шегі Морав цимбал музыкасының сүйемелдеуімен өтетін гала-концерт болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу