ЭКСПО қалашығында Еуропалық одақтың энергетика күндері "Болашақ энергиясы" форумының шеңберінде ұйымдастырылған, деп хабарлайды 24.kz.
Еуропалық инвестициялық банк Қазақстанға жобаларлы жузеге асыруга 500 млн еуро бөлді. Бүгінгі "Болашақ энергиясы" форумының бесінші конференциясын ашқан Еуропалық инвестициялық банктің бас хатшысы Клаус Тремель осылай деді.
Жиында сөз алған Еуропалык комиссияның Энергетика маселелері бойынша бас директорының орынбасары Герасимос Томастың айтуынша, Қазахстан Еуроодақ үшін маңызды әріптестердің қатарында. Сондай-ақ шетелдік спикер тұрақты энергетикаға қолжетімділіктің шарттарын халықаралық ережелер мен құрылымдар белгілейтінін айтты. Осы орайда бүгінгі ЭКСПО алаңындағы Конгресс орталықта өтіп жатқан "Болашақ энергиясы" форумының алаңы тұрақты энергетикаға қол жеткізу мәселелерінің шешімін таппақ. Қуат үнемдеудің басты элементтері, құрылыс саласындағы тұрақтылық пен ядролық синтезге байланысты фактілер осы форумдағы "Еуропалық энергетика күндері" аясында талқыланып жатыр.
Айта кетейік, бұл ЭКСПО көрмесі аясында өтіп жатқа ең ірі іскерлік шара. Оны Еурокомиссияның энергетика бойынша бас директоры мен Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілдігі ұйымдастырып жатыр. Мұнда қалалық сәулеттегі жаңа теxнологиялар мен заманауи әдістер, инновациялардың құрылыста энерготиімді және жанданатын энергия көздерінің қолданылуы қазақстандық және xалықаралық сарапшылардың басты назарында.
Осы орайда Еуропаның ең үздік зерттеушілері мен нарық қатысушылары ең үздік жобаларымен таныстырды. Конференцияның екінші бөлімі "Термоядролық энергиядан ғылыми фактілерге дейін" тақырыбында өтеді.