ЭКСПО қалашығында Испанияның ұлттық қүні тойлануда

926

ЭКСПО қалашығында Испанияның ұлттық қүні тойлануда

ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында Испания Корольдігінің ұлттық күні өтуде. Испания күнінің салтанатты ашылу рәсімінде "Compania Flamenca" тобының әншілері мен бишілері, сондай-ақ "Carros de Foc" көше театры өнер көрсетті, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Қазақстан Республикасы мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева Испания күнін ресми түрде аша отыра, ЭКСПО көрмесін өткізудегі Испанияның маңызды тәжірибесін атап өтті. Ел 1888 жылы және 1929 жылы - Барселонада, 1992 жылы - Севильяда және 2008 жылы Сарагосада көрмелерді сәтті өткізген. 
"Астанадағы көрменің тақырыбын ескере отыра, Испанияның әлемдік баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Испаниядағы электр энергиясының  40%-дан астамы жаңартылатын көздер есебінен  шығарылады. Испания энергияны түрлендіру және жел генераторларының белгіленген қуаттылығы бойынша әлемдегі көшбасшы ел болып табылады", - деді мәжіліс вице-спикері.

Г. Исимбаева Испанияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы біздің елдер арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдету үшін үлкен мүмкіндіктер беретінін қосты.

"Жалпы, екіжақты қарым-қатынастардың дамуы туралы айтқан кезде біздің ынтымақтастығымыз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Испания Королі Фелипе VI-ның тиімді өзара іс-қимылына, сондай-ақ екі мемлекеттің өлшеулі саясатына негізделеді. Мен екіжақты өзара іс-қимылды нығайту бойынша одан әрі белсенді жұмыс жүргізетінімізге сенімдімін", - деп қорытындылады вице-спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу