ЭКСПО қалашығында Парагвай елінің ұлттық күні аталып өтті

984

ЭКСПО қалашығында Парагвай елінің ұлттық күні аталып өтті

ЭКСПО қалашығында Парагвай елінің ұлттық күні аталып өтті, деп хабарлайды abctv.kz.

Парагвай Республикасы әлемдегі табиғи энергия өндіруші елдердің бірі. Елдегі 99,6 пайыз электр энергиясы Итаипу, Якирета және Акарай гидроэлектростанциялары арқылы алынады. Бұл туралы Парагвай Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Оскар Кабельо Парагвай елінің ұлттық күні тойлану барысында айтты.

Өз кезегінде ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Әбілқайыр Ысқақов бұл елдің қалпына келетін энергияның әлем бойынша динамикалық нарығымен ерекшеленетінін ескере келе, Қазақстанның Латын Америка елдерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқанына ықылас білдіретінін жеткізді.

Парагвай елінің экономикасы соңғы он жылда көршілес елдермен салыстырғанда орташа ессеппен 5 пайызға өскен.

Парагвай аграрлық ел болып саналады. Негізінен мал шаруашылығы дамыған. Ол ел экспортының үлкен бөлігін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу