ЭКСПО қалашығында Самоа тәуелсіз мемлекетінің ұлттық күні мерекеленді

1185

ЭКСПО қалашығында Самоа тәуелсіз мемлекетінің ұлттық күні мерекеленді

Бүгін ЭКСПО-2017 аумағында Самоа тәуелсіз мемлекетінің Ұлттық күні мерекеленді. Самоа тұрақты дамуының жаһандық мақсаты: жаңартылатын энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Жиынның ресми бөлігінде Самоа қаржы министрінің орынбасары Мулипола Лейатауа Лаки Мулипола энергетиканың кез-келген мемлекеттің экономикалық бағытында аса маңызды құрал екендігін тілге тиек етті. Оның айтуынша, энергия барлық салалармен ғана емес, аралдар, елдер мен ұлттарды да байланыстыратын қажетті ресурс.

"Болашақ энергиясы" тақырыбының маңыздылығын ескере отырып, Самоа үкіметі ЭКСПО-2017 көрмесіне қолдау көрсетеді. Адамзаттың энергияны шамадан тыс пайдалануы сынды жаһандық мәселелерді шешуде ЭКСПО-ның маңызы зор. Самоаның климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiздемелік конвенциясы  және 2025 жылға дейін электроэнергия өндірісі үшін жаңартылатын энергия көздерінің 100% қолданылуын енгізу арқылы парниктік газ қалдықтарын қысқарту жөніндегі климаттық міндеттемелерінің айнымастығын растаймыз. Тұрақты энергиямен қамтамасыз ету саласындағы Энергетика секторының мақсаты аясында  "Өмір сүру деңгейін жақсарту" атты жаңа мемлекеттік саясат көмегімен Самоа осы мақсатты жүзеге асыруда. Қазақстан креспубликасы үкіметіне осы беделді іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз", - деді Самоа Қаржы министрінің орынбасары.

Өз кезегінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева Қазақстан мен Самоа тәуелсіз мемлекеті жасыл экономика бағытында өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастырып, дамыту үшін зор мүмкіндік бар екендігін атап өтті. Бұған  2013 жылғы 7 ақпанда, Нью-Йорк қаласында екі ел арасында қол қойылған Бірлескен коммюнике дәлел.

"Қазақстан Самоа тәуелсіз мемлекетінің түрлі салалардағы тәжірибесін зерттеуге мүдделі. Екі елдің әлеуметтік игілігі үшін серіктестікке дайынбыз. Самоа экспозициясында энергетика саласындағы соңғы жобалар мен  елдің салт-дәстүрі, мәдениеті көрсетіледі. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз", - деді Аида Құрманғалиева.

Самоа тәуелсіз мемлекеті - Тынық мұхиттың оңтүстік тарабындағы Самоа архипелагінің батыс аралдарында орналасқан мемлекет. Мемлекеттің экспозициясы Тыңық мұхит плазасында орналасқан және елдің баламалы энергия көздерін енгізу туралы ұстанымын көрсетеді. Көрмеге келушілер Самоа тәуелсіз мемлекетінің қалыптасу тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен заманауи саяси құрылымымен танысуға мүмкіндік алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу