ЭКСПО қалашығында жапон павильонына келушілер саны 500 мыңнан асты

731

ЭКСПО қалашығында жапон павильонына  келушілер саны 500 мыңнан асты

Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Жапон павильонына келушілер саны 16-тамыз күні 500 мың-нан асты, деп хабарлайды ЭКСПО-ның медиа орталығы.

Көрме ашылуының алғашқы күндерінде келушілер саны шамамен 6000-ға жеткен Жапон павильонының тамыз айы басталғалы, келушілердің орта саны 8000 шақ келді. Әр түрлі елдердің саяси және бизнес әлемінің саңлақтары, кішіден бастап үлкенге дейін Қазақстан тұрғындарымен бірге әлемнің түпкір-түкпірінен де көптеген қонақтар келіп жатыр.

Жапон павильонының 500 мыңыншы келушісі Қостанай облысы, Рудный қаласынан келген Амангараев Нұрым және оның отбасы болды. Амангараев Нұрым павильонды көргеннен кейін, өз әсерімен бөлісті: "ЭКСПО көрмесін көру үшін түнгі пойызбен келдік. Жапон павильонына осындай ерекше сәтте келгенімізге өте қуаныштымыз. Жапон павильоны жайында айтатын болсам, ойлағанымыздай Жапония шынымен жоғары технологияларға бай ел екеніне көзіміз жетті".

"Жапонияның танымал жоғары технологиялары туралы ғана емес, жапондардың қоршаған ортаға деген қамқорлығы және табиғаты мен мәдениеті жайында барынша көптеген адамдар білсе екен деген ойдамыз", - деді жапон павильонының директоры Щибамото Хидэкадзу

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу