ЭКСПО қарсаңында елордалық құтқарушылар ағылшын тілін үйренуге кірісті

666

ЭКСПО қарсаңында елордалық құтқарушылар ағылшын тілін үйренуге кірісті

"EXPO-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінде ағылшын тіліне оқыту курстары басталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Оқытудан департамент және оған бағынысты әрі құрылымдық бөлімшелердің инженер инспекторлық құрамы өтіп жатыр, барлығы 62 адам. Ауқымды іс-шараға елордамызға екі миллионнан астам қатысушы мен қонақ келеді. Көрмені өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдай туындауының алдын алу мақсатында тілдік кедергіні жою қажет.

Осы орайда, инженер инспекторлық құрам көрменің шетелдік қонақтары мен қатысушыларының сұрақтарына сауатты әрі анық жауап беруі тиіс. Оқу бағдарламасына сәйкес, бастаушы және жалғастырушы топтарға барлығы 72 академиялық сағат жоспарланған.

Курс аяқталысымен қызметкерлер ағылшын тілінде өзін-өзі таныстыру, шетелдік қонақтармен әңгімелесуден тестілеуден өтеді. Сынақ нәтижесінде сертификат табысталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу