EXPO көрмесінің 18 қатысушысы өз павильондарын дайындау жұмыстарына кірісіп кетті. Бұл туралы ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Уильям Тоддпен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды 24Хабар.
Басқосу барысында тараптар көрмеге дайындық мәселесін талқылады. Мәртебелі мейман құрылыс алаңындағы жұмыстармен таныса келе, "халықаралық шараға атсалысу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз", - деді. Айта кеткен жөн, бүгінде 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым EXPO-ға қатысатынын ресми түрде растады. Күні кеше Грекия да бұл тізімге енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу