ЭКСПО кезінде "Аstana Taxi" 80 мың тапсырыс қабылдады

738

ЭКСПО кезінде "Аstana Taxi" 80 мың тапсырыс қабылдады

"Аstana Taxi" бірыңғай қызметінің колл-орталығы ЭКСПО көрмесі өткен үш айда 80 599 тапсырысқа қызмет көрсетті. Бұл туралы Астана қаласының тасымалдаушылар ассоциациясының атқарушы директоры Сәкен Хандхожин айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Елордада барлығы 14 автопарк тіркелген. Оның сегізі Астана қаласының тасымалдаушылар ассоциациясына кіреді", - деді Сәкен Хандхожин.

Айта кетейік, бірыңғай такси қызметі ЭКСПО көрмесіне дайындық барысында құрылған болатын. Аталмыш ресми такси қызметінің ерекшелігі Bus Lane белгіленген арнайы жолағымен жүре алады. Бұл автокөліктің жылдамдығына әсер етіп, жолаушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу