ЭКСПО кезінде барлық бағытта халықаралық рейс ашылады

687

ЭКСПО кезінде барлық бағытта халықаралық рейс ашылады

"Астана аспаны" жобасы аясында ЭКСПО кезінде барлық бағытта халықаралық рейс ашылады. Мұны инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Астана аспаны" пилоттық жобасы аясында ЭКСПО кезінде барлық бағытта халықаралық рейс ашылады. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша мажарлық әуе бағыты мен польшалық, фин әуе қатынасының жағдайы мәлім болады", – дейді Роман Скляр.

Пилоттық жоба азаматтық авиация саласын либералдау мақсатында жүзеге асырылады.

Роман Скляр айтып өткендей, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" заң жобасы аясында әуе компанияларының аппат кезінде жауапкершілікті күшейту жоспарланып отыр.

"Заң жобасының бірқатар ережесі азаматтық авиацияда қауіпсіздік бағдарламасын енгізу, медицина сарапшыларына, аэронавигациялық қызмет көрсетушілерге және лауазымды адамдарға жауапкершілікті бекіту, сондай-ақ сертификациялық тексеру кезінде санаттарды енгізу арқылы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған", – дейді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу