ЭКСПО кезінде елордада кептеліс болмайды

852

ЭКСПО кезінде елордада кептеліс болмайды

2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде елордада кептеліс болмайды. Мұны Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Елжан Чупеков мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

"Жазғы каникулда астаналық оқушылардың басым бөлігі және олардың ата-аналары қала сыртына немесе туристік орындарға қыдырып кетеді. Ал көрмеге келген қонақтардың, шетелдік туристердің көпшілігі жаяу болғандықтан, кептеліс болады деп қауіптенуге негіз жоқ. Оның үстіне Астана әкімдігі қаланың қоғамдық көліктерін жетілдіруге баса назар аударып отыр. Такси желілері әзірленіп жатыр. Көлік ағынын бақылауда ұстаймыз", – дейді Елжан Қалиұлы.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласының әкімдігінде ЭКСПО қарсаңында қала көшелеріне жүргізілетін жөндеу жұмысы туралы баспасөз мәслихаты өтті. Онда Астана қаласындағы жол жөндеу жұмысына 5,5 млрд теңге бөлінгені және сәуір-мамыр айларында сол жағалау көшелеріне жөндеу жұмысы жүргізіліп, бірқатар көше уақытша жабылатыны хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу