ЭКСПО кезінде жүк көліктерінің жүруі шектеледі

801

ЭКСПО кезінде жүк көліктерінің жүруі шектеледі

Астана қалалық ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, ЭКСПО көрмесі кезінде Есілдің сол жағалауындағы төрт көшеде бірқатар шектеу енгізіледі.

Көрмені өткізу кезінде экологияны ластамау үшін Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік ел, Ұлы Дала, Керей-Жәнібек хандары мен Тұрар Рысқұлов көшелері бойымен  жүк көлігінің жүруі шектеледі. Негізгі мақсат – көлік құралдарының кептелісін азайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету", – деп жазылған басқарманың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, жақын арада елордадағы "Нұржол" бульварында көлікті жолдың бойында қалдыруға тыйым салынады. Ол жерде тек ақылы автотұрақтар болады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Астананың 24 көшесінде автобус жолағын салу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу