"ЭКСПО-2017" комиссары Рәпіл Жошыбаев пен Қазақстанның Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненов 2016 жылдың 3-4 қарашасында Париждегі "New York Times Energy for Tomorrow" энергетикалық конференциясына қатысты, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Конференцияның мақсаты – әлемдік саяси және бизнес-элита назарын энергетика мен қоршаған ортаны қорғауға аудару. Конференция Маррекештегі БҰҰ Климаттық конференция аясында ресми шара болып табылады, деп хабарлады СІМ.
"New York Times" комиссар "ЭКСПО-2017" конференциясында Францияның қоршаған орта, энергетика және теңіз ісі министрі Сеголен Руаяльмен кездесті, ол "ЭКСПО-2017" көрмесінің өзектілігін атап, СОР 21 идеяларымен бөлісті. Конференцияның ашылу салтанатында Руаяль 4 қарашада Париж келісімі өз күшіне енетіндігін еске салды.
"International The New York Times Company" басшысы Стивен Данбар-Джонсон өз сөзінде Қазақстаннан келген делегацияға қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу маңыздылығын атап өтті", - делінген хабарламада.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы Анхель Гурриа қазақстандық делегациямен әңгімелесу барысында Астананың 2017 жылдан бастап Ұйым мүшелеріне визасыз режи енгізу бастамасын жоғары бағалады. Ол айтып өткендей, ЭЫДҰ "ЭКСПО-2017" көрмесінде жаңармалы энергетика саласындағы қызықты бастамаларын таныстырады.