Халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандардырылған көрмесінің бейне бақылау камералары мен билеттерді тіркеу құралдары 2 милионыншы келушісін қабылдады, деп хабарлайды baribar.kz.
ЭКСПО көрмесінің 2 миллионыншы келушісі оралдық кәсіпкер Ғайса Жұмағалиев есімді азамат атанды. Іс-сапармен Астанаға келіп, бос уақытында елімізде өтіп жатқан үлкен көрмені тамашаламақ болған қала қонағы мұндай тосын сыйды күтпеген.
– Мен өте қуаныштымын. Кіріп келе жатқанымда менің 2 миллионыншы келуші екендігімді айтты. Өте толқып тұрмын, – деген Ғайса Жұмалиев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Оралда мұнай-газ саласындағы өндірістік компанияны басқарушы жеке кәсіпкер көрмеге екінші рет келген екен. Бұл күнде егіз ұл тәрбиелеп отырған әке "ЭКСПО-2017" көрмесіне бірінші ретте отбасымен арнайы келген болса, бұл жолы кешкі билетпен "Шелл" павильонын көріп, Орал қаласының мәдениет күндерінің салтанатына концертіне қатысу ниетімен келген. Ал сәтті билетті Mega Silk way сауда орталығынан сатып алған.