ЭКСПО көрмесі аясында екі бокс кеші өтуі мүмкін

713

ЭКСПО көрмесі аясында екі бокс кеші өтуі мүмкін

ҚР кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылатын бокс кештерінің жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды vesti.kz.

- Екі бокс кеші өтуі мүмкін. Себебі Геннадий Головкиннің командасы маусымда, болжам бойынша 17-сінде. Ал WBC 55-ші мерейтойлық конвенциясының өту кезеңі, ол тамыздың соңында және қыркүйектің басында өтеді, біз үлкен бокс кешін ұйымдастырғымыз келеді. Екі матч та EXPO-2017 көрмесіне орай өтеді.

- Екінші бокс кеші Геннадий Головкинсіз өте ме?

- Головкинсіз өтеді, алайда шетелдерде ел намысын қорғап жүрген біздің жігіттер болады. Ең қызықтысын рейтинг бойынша анықтап, ұсыныс жасаймыз. Кейін промоутерлер оларға жақсы қарсылас таңдай бастайды.

- Головкин маусымда кіммен шығуы мүмкін?

- Әзірге белгісіз, қарсылас таңдаумен Головкиннің командасы айналысады. Біз федерация ретінде қолдау білдіреміз. Жекпе-жекті ұйымдастыруды олар өз мойнына алады.

- Жекпе-жек "Астана-Аренада" өте ме?

- Зор қызығушылық болады. Жекпе-жек "Астана-Аренада" өтсе ақылға қонымды болады.

- Головкин Қазақстанда маусымда жекпе-жек өткізетініне қаншалықты сенімдісіз?

- Жекпе-жек өтеді дегенге 80 пайызға сенемін.

Бұған дейін Головкин биыл жазда Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін деген мәлімет тараған еді. Оған ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс қарсылас болуы мүмкін. Оның промоутері Фрэнк Уоррен Головкиннің командасымен келіссөз жүргізуді бастағанын хабарлаған, бірақ келісім бұрыннан бар екенін айтқан.

Еске салайық, отандасымыз 18 наурызда Нью-Йоркте жекпе-жек өткізіп, америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу