"ЭКСПО" халықаралық көрмесінің миллионыншы билетін сатып алған ОҚО тұрғыны Қайрат Мамаев көрмені аралады, деп хабарлады elorda.info.
"ЭКСПО" көрмесінің миллионыншы билетін сатып алған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Қайрат Мамаев Астана күні қарсаңында көрме қалашығын аралады.
Ол билетті сәуір айында сатып алған. Билет иесі Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде инновациялық технологиялар жөніндегі проректор болып қызмет етеді.
"ЭКСПО көрмесіндегі инновациялық жаңалық пен ғылыми ізденістерді тамашаладым. "Нұр әлем" сферасы мен шетелдік павильондардың әлеуетімен таныстым. Миллионыншы билетті сатып алған кезде көрме әкімшілігі Астанаға арнайы шақырып, қонақ етті, бағалы сыйлық берді",- деді Қайрат Мамаев.