ЭКСПО көрмесімен танысуға төрт тәулік кетеді

918

ЭКСПО көрмесімен танысуға төрт тәулік кетеді

ЭКСПО-дағы "Нұр Әлем" қазақстандық павильонымен толық танысып шығу үшін үш жарым сағат уақыт кетеді. Бұл туралы брифингте "Астана ЭКСПО- 2017" ҰК" АҚ Контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Көрме кешенінің орталық нысаны "Нұр Әлеммен" толық танысып шығу үшін 3-3,5 сағат уақыт кетеді. Яғни, қызығушылық танытқан адамдар барлық қабаттарды аралауға ұзақ жүріп қалады", - деп тоқталды М. Омаров.

Бұдан бөлек, ол жалпы ЭКСПО-2017 алыңындағы павильондарды аралауға шамамен қанша уақыт кететінін айтты. "Атап айтқанда, жалпы көрме бойынша жалпы танысып шығуға 4 тәулік аралауға туралы келеді. Осы төрт күнде павильондардан бөлек, біз ұйымдастыратын басқа да бірқатар шараларды қарап шыға аласыздар. Себебі біз күніне 30-40 түрлі шараларды өткіземіз", - деді департамент директоры.

Айта кетейік, "Нұр Әлем" - Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің архитектуралық символына айналған көрме кешенінің орталық нысаны. Бұл диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр құрайтын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат. Келушілер Қазақстанның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, көрікті жерлері, сонымен қатар елдің жетістіктерімен таныса алады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу