Еліміздегі ЭКСПО көрмесіне алдын-ала болжам бойынша 400 млрд теңгеден артық қаржы жұмсалған. "Астана-ЭКСПО" Ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовтың айтуынша аталған қаржы көлемі көрме аясындағы шараларды өткізуге, нысандар құрылысына және басқа да шығындарды есепке алғандағы жалпы сома. Ал қала әкімдігінің ресми мәліметі бойынша іске қосылған жобалардың арқасында елордада 5300 жаңа жұмыс орны пайда болып, 262 отандық өндіріс орындары жұмысқа тартылған. Есімов елеп өткендей бас қалаға биылғы жылы құйылған инвестиция мөлшері 12 млрд 300 млн теңге. Бұл былтырғыдан 1,7 есе артық дейді Ұлттық компания басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу