ЭКСПО көрмесіне Қытайдың мың кәсіпорны қатысады

780

ЭКСПО көрмесіне Қытайдың мың кәсіпорны қатысады

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне ҚХР мыңнан астам энергетика саласында жұмыс жасап жатқан кәсіпорны қатысады. Ал қытай павильоны "жасанды күн" деген атаумен ядролық синтездің энергетикалық көзіне басымдылық береді. Бұл туралы Халықаралық сауда-саттыққа жәрдемдесу жөніндегі Қытай комитетінің (ХСЖК) төрағасы Цзян Цзэнвэйдің Аспан асты елінің "Жэньминь жибао" газетінде жарияланған мақаласында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында  Астанада (Қазақстан) халықаралық көрме өтеді. Соңғы жылдары қазақ-қытай қарым-қатынастары жоғары деңгейге көтерілді. "Жібек жолының экономикалық белбеуі" мен Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты "Нұрлы жол" арасында тиімді интеграциялық процестер жолға қойылды. "Бір белбеу, бір жол" бағытында жаңа қарым-қатынастарды ынталандыру қолға алынуда", - деп жазады Цзян Цзэнвэй.

Ол Қытай үкіметінің Қазақстанның ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру бастамасын қолдап, ол көрмеге қатысуға ерекше мән беріп отырғандығын айтты. Цзян Цзэнвэй өзінің мақаласында Қазақстанда өтетін көрменің маңыздылығын мынадай негіздемелермен өлшейтіндігін жеткізеді.

"Біріншіден, Қытай өзінің экология саласындағы тұжырымын толық ашады. Екіншіден, инновацияны дамудағы қытайлықтардың жетістіктерін әлемге паш етеді. Үшіншіден, энергия ресурстары және халықаралық өндіріс бағыттарындағы ынтымақтастыққа серпін береді... Қытай павильоны Қытай мен Қазақстанның энергетикалық ынтымақтастығы форумын ұйымдастырады. Оған Бейжің, Шанхай, Шаньдун және басқа 23  провинциясынан мыңға жуық кәсіпорын келеді", - деді Цзян Цзэнвэй.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу