ЭКСПО көрмесінің манифесі әзірленді

946

ЭКСПО көрмесінің манифесі әзірленді

ЭКСПО көрмесінің манифесі әзірленді. Маңызды құжат бүгін көрме басшысы Ахметжан Есімовқа табысталды. Халықаралық ғалымдар мен сарапшылар дайындаған манифесте энергетикалық нарық, жасыл технология, ауылды жердегі энергия қолжетімділігі сияқты мәселелер қамтылған. Бұған қоса, Астанада "Болашақ энергиясы" институтын құру жайы айтылған. Сондай-ақ, тұрақты даму үшін мемлекетке қарасты "Жасыл қор" ашу керектігі жазылған. Ол климатты сақтау саласында жұмыс істейтін ұлттық және өңірлік ұйымдарды қаржыландыруы тиіс.

Айта кетейік, құжат алдағы уақытта елбасының қарауына жіберілетін болады.

Раджендра Пачаури, Тұрақты даму бойынша дүниежүзілік форумның президенті: "ЭКСПО көрмесі басталғалы бері біз халықаралық сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен 12 сессия өткіздік. Соның барлығын қорыта келе Қазақстанның тұрақты дамуына қажетті бірқатар мәселелерді манифеске кіргіздік. Бұл алдағы уақытта мемлекет қай бағытқа жүру керек, қандай мәселені шешу қажеттігін көрсететуге тырыстық. Құжат үлкен маңызға ие екендігіне сеніммен айта аламын".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу