ЭКСПО-ны 11 мың 500 оқушы тегін тамашалайды

576

ЭКСПО-ны 11 мың 500 оқушы тегін тамашалайды

Елімізде өткізілгелі отырған маңызды шара - ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесіне Атырау облысынан 11 мың 500 оқушы тегін тамашалауға барады, деп хабарлайды atpress.kz.

Атырау облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Қайырлиеваның мәліметінше, алғашында аталмыш көрмеге облыстан 6500 оқушы барады деп жоспарланған. Кейіннен тізімге тағы да 5000 оқушының тізімі қосылыпты.

Бүгінде балалардың елордада өткізетін демалыс күндерінің бағдарламасы дайын. Олар Астанада екі жарым күн демалатын болады. Ал ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалау үшін бір күн уақыт бөлінген. Қалған күндерінде елорданың кереметтерімен танысады. Сонымен қатар, Астананың символына айналған "Бәйтерек" кешені мен Елбасы мұражайына бару да бағдарламада көзделіп отыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу