ЭКСПО-ны өткізу кезінде Астанада бірегей этноауыл құрылады

688

ЭКСПО-ны өткізу кезінде Астанада бірегей этноауыл құрылады

Этноауыл "Қазанат" ипподромының базасында ұйымдастырылады және 47 га аумақты қамтиды. Мұны үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

"Этноауыл ЭКСПО-2017 қонақтарының 90 пайызының қызығушылығын тудыратынына және көрме павильондарынан кейінгі адамдардың көп баратын жері болатынына сенімдімін", – дейді министр.

Бірегей экспозиция көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, бәйге, қошқар көтеру және жамбы ату секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтетін ипподроммен байланысты. Мұнда сондай-ақ, күрестен ҚР Президентінің халықаралық кубогы мен көкпардан әлем біріншілігі секілді ұлттық спорт жарыстары өтеді.

Келушілер сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары қалай әзірленетінін өз көздерімен көруі үшін арнайы қолөнершілер ауылы құрылады. Ас талғағыштар мен түпнұсқалықты бағалайтындарға қазақ ұлттық асханасының тағамдарынан дәм тату мүмкіндігі беріледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше орын беріледі, ондағы этномәдени бірлестіктер қонақтарға қазақ халқының этнографиясын, дәстүрлерін, тарихын таныстырады. Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, 1 маусымда тұсаукесері өтетін этноауылға кіру тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу