ЭКСПО нысандары озық жобалардың жалғасына айналады

803

ЭКСПО нысандары озық жобалардың жалғасына айналады

ЭКСПО нысандары озық жобалардың жалғасына айналады, деп хабарлайды elorda.info.

ЭКСПО нысандарын шарадан кейін пайдалану бойынша қазірдің өзінде жиырмадан астам ұсыныс түсті. Компания басшысы Ахметжан Есімовтің айтуынша, нысан орнында әлемге әйгілі Job World білім беру орталықтары ашылуы мүмкін. Қазіргі таңда мамандар корейлік әріптестермен келіссөз жүргізіп, олардың тәжірибесін зерттеп жатыр.

– 2015 жылы ЭКСПО көрмесі Миланда өткенін білесіздер. Көрмеден кейін павильондардың барлығы бұзылып, алынып тасталған еді. Ал біз әу бастан көрмені ұзақ мерзімді инвестициялық жоба ретінде қарастыр­дық. Сондықтан басты нысан – сфера "Нұр әлем" деп аталып, болашақ мұражайға айналады. Себебі онда ғарыш, күн, су, жер, кинетика энергиясына қатысты алуан түрлі жобалар ұсынылған. Тарихта "Нұр әлем" көрмеден қалған мұра болып қалмақ, – деді басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Көрме аяқталғаннан кейін шетелдік меймандар мен делегаттар халықаралық павильондарды босатады. ЭКСПО ұйымдастырушылары оларды пайдалы жобаларға тапсыруды жоспарлап отыр. Мәселен, павильондардың орнына Біріккен Ұлттар Ұйымының "жасыл" экономика орталығы мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы құрылады. IT технология саласындағы бастамаларға да осы жерде орын беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу