Бүгін ЭКСПО көрмесі аумағында полиция бөлімшесін таныстыру кезінде ағылшын тілін меңгерген тәртіп сақшылары тілін білімі деңгейін көрсетті, деп xабарлайды inform.kz.
"Біз ЭКСПО аумағында қызмет атқару үшін арнайы ағылшын тілі курстарынан өткенбіз. Үш ай бойы дайындалдық. Алдымен адамдармен сөйлесуді, одан кейін мәтінді қағазға түсіруді үйрендік. Себебі тергеу барысында xаттама толтырылады. Шетелден келетін туристермен ағылшын тілінде еркін сөйлесіп, ол кісілермен жұмыс істеу барысында әңгімелесуге әзірміз", – дейді тергеуші, аға лейтенант Айдос Сүлейменов.
Астана қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіровтің айтуынша, осы уақытқа дейін мыңға жуық қызметкер ағылшын тілі курстарынан өткен. Дегенмен оларға шет тілін білетін волонтер студенттер де көмектеседі.
Айта кетейік, бүгін ЭКСПО xалықаралық көрмесі аумағында Есіл аудандық ішкі істер басқармасының полиция бөлімшесі өз жұмысын бастады. Екіқабатты ғимаратта жерасты спорт залы мен тир бар.